Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласында коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Қаланың бас санитар дәрігері қаулыға қол қойды.

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебесі болған жағдайда адамдардың жаппай жиналуымен байланысты туған күн, мерейтой, «құдалық», той, «беташар», мерекелік корпоратив сияқты шараларды өткізуге тыйым салынады; - 65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүріп-тұруы шектеледі; - қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүру кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ ашық ауадағы қоғамдық орындарда болған кезде бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.
Құжатта Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарына жұмыс және демалыс күндері сағат 03.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 05.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілетіні айтылған.