Ереуілге шыққан қырғыз азаматы: Алматыда митингке шыққаным үшін 90 мың теңге төледі – видео

Ереуілге шыққан қырғыз азаматы: Алматыда митингке шыққаным үшін 90 мың теңге төледі – видео

Митингке шыққаныма 90 мың теңге төледі. Ереуілге қатысқан қырғызстандық осылай дейді. Ол Алматыға 2 қаңтарда келген. Өзімен бірге Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары болған. Бұл туралы Qazaqstantv хабарлады.

«Маған белгісіз адамдар хабарласып, митингке қатысу туралы айтты. 90 мың теңге ұсынды. Жұмыссыз болғандықтан келістім. Маған билет сатып алып берді. 2-сі күні Алматыға келдім. Мені пәтерге алып барды. Ол жерде Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары болды. Олар не айтып жатқанын түсінбедім. Митинг басталғанда қорықтым. Пәтерге келіп, түнедім. Ертесіне үйге қайтамын деп шешім қабылдадым. Әскерилер мені ұстады», – деді ереуілші.