Ұлттық құрама ақпанда жолдастық кездесу өткізеді

Ұлттық құрама ақпанда жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ақпан айында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны барысында жолдастық кездесу жоспарланған.

Бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен футболшылар 12 ақпан күні Анталья қаласында жиналады. Ал 13 ақпан күні қазақстандық клубтардың легионерлерімен шеберлік байқасады. «Легионерлер құрамасын Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілді. Бұл мерзімде ФИФА-ның ресми датасы жоқ. Сондықтан ұлттық құраманы ұзақ мерзімге ұстап отыруға болмайды. Қазақстан құрамасының жанкүйерлері бұл матчты тікелей эфирде көре алады», - деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Айта кетейік, ұлттық құрама наурыз айында Ұлттар лигасы турнирінде Молдовамен жұбаныш кездесуін өткізеді. Екі ойын нәтижесі бойынша жеңімпаз құрама С лигасында ойнауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ сол кездесулерден соң қос құрамасының 2022 жылғы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.