Бүгін отандық арналардан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

Бүгін отандық арналардан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.