GGG мен «Канело» арасындағы айқас қай жерде өтуі мүмкін?

GGG мен «Канело» арасындағы айқас қай жерде өтуі мүмкін?

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Сауль Альварестің (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін Мексикада өткізу мәселесі талқылануда. Әлемнің суперорта салмақтағы абсолют чемпионының бапкері Эдди Рейносо осындай ұсыныс жасады.

«Эдди Рейносо GGG-ді қыркүйекте «Канеломен» Мексикада жұдырықтасу үшін 168 фунтқа шақырып отыр», – деп хабарлады BoxingTribeUK. Қос мықты арасындағы үшінші айқасқа дейін Сауль WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін. Ал GGG-мен трилогия 7 қыркүйекке жоспарланып отыр.