Бейжің-2022: қазақстандық биатлоншы із кесуге жолдама алды

Бейжің-2022: қазақстандық биатлоншы із кесуге жолдама алды

Бейжің Олимпиадасында қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко жолдама алды. Ол жекелей сында бақ сынады, – деп хабарлады Olympic.kz. 

Қазақстандық биатлоншы ату кезінде бір рет қателесіп, қорытынды есепте 44-орын алды. Осылайша, із кесу жарысына жолдама алған 60 спортшының қатарына қосылды. Биатлоншылар бәсекесінде германиялық Дених Херрман чемпион атанды. Екінші орында франциялық Анаис Шевалье-Буше, үшінші орында – норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн. Жарысқа жалпы 86 спортшы қатысты.

Бұған дейін Президент Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысқанын жазған болатынбыз.