Үкіметаралық байланыстарға назар аударды

Үкіметаралық байланыстарға назар аударды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төра­ғасы Михаил Мишустинмен кез­десті. Бұл туралы Ақорда­ның баспасөз қызметі хабар­лады. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей прези­денттерінің бүгінгі келіссөздерінің қорытындысы бо­йын­ша қол жеткізілген уағдалас­тықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. – Елдеріміз арасындағы страте­гиялық серіктестік пен шынайы одақ­тастық қатынастарды ілгері­лету үшін көп жұмыс істеу керек. Бар күш-жігерді күн тәртібіне енгі­зілген мәселелер бойынша нақты нә­тижелерге қол жеткізу үшін жұм­сау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан­ның жаңа Үкіметімен жүйелі жұмыс істеудің маңызды екенін атап өтті. – Сіздердің өкілдеріңіз бен Қа­зақстанның жаңа Үкіметі арасын­дағы байланыстарға тың серпін бергім келеді. Қарым-қатынастар Ресей Үкіметімен арадағы іскерлік, белсенділік және өте тығыз байла­ныстарды жалғастыруға бағытталуы керек, – деді Президент. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің Камаз, Сибур және басқа да жетекші компанияларының қатысуымен жүзеге асырылып жат­қан стратегиялық сипаты зор маңыз­ды бірлескен жобалары бар. Бұл жобалар өндірістік кооперация­ны кеңейтуге, жаңа жұмыс орында­рын ашуға, екі елдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін кү­шей­туге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан тарапы Еуразиялық эконо­микалық одақ аясында тығыз ықпалдастық орнатуға ниетті. Өз кезегінде Михаил Мишустин екі ел арасындағы достық пен ын­тымақтастықты дамыту үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәс­кеуге жасаған сапарының маңызы зор екенін атап өтті. – Ресей Федерациясының Үкіметі жоғары деңгейде қол жет­кізілген уағдаластықтарды орындау үшін бар­лық қажетті шараны қабылдайтынын мәлімдей­мін, – деді Михаил Мишустин. Кездесу соңында Қазақстан Президенті эконо­микалық кооперацияның мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық мақсатына сай келетініне сенім білдірді.