COVID-19: бір тәулікте 20 адам қайтыс болды
COVID-19: бір тәулікте 20 адам қайтыс болды
Фото: mail.kz
315
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын жариялады.

Қазақстанда 16 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмды.    width= 11 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 67 776 адам (66 565+ және 1 211 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 8149 науқас стационарда, 59627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 367 науқастың жағдайы ауыр, 150 науқастың жағдайы өте ауыр, 96 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.