Алматы облысында азаптау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында азаптау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандар жазықсыз жапа шеккеніне шағымданған.

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының орынбасары Дулат Мадияров: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі – 27, ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы – 6 іс, прокуратура 4 істі тіркеді», – деді.

Бұған дейін азаптау фактілерінің әрқайсысы жеке-жеке қаралатыны айтылған еді.