Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысушылар үшін қолданыстағы кейбір шектеулер алынды.   – Бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «қызыл» аймақта көпшілік жиналатын орындарға – үй-жайлар 70%-ға дейін толған кезде, ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караокеге, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шараларға, ойын клубтарына, казиноға, сондай-ақ салтанатты жиындарға, ас беруге, көпшілік және өзге де іс-шараларға баруға байланысты  шектеулер алынып тасталды. – Қызметтің барлық түрлері үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынып тасталды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысымен қолданыстағы кейбір қаулыларға өзгерістер енгізілді. – Ауру белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдарды үй карантинінде оқшаулау алынып тасталды. – «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, вакцинациялауға жататын адамдардың тізбесі кеңейтілді: тізбеге бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және бірінші курсты аяқтау үшін, шетелде вакцинаның бірінші дозасын алған адамдар енгізілді. – «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, ревакцинациялауға жататын адамдардың тізбесі кеңейтілді: тізбеге бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және 50 жастағы және одан жоғары жастағы адамдар енгізілді. – Қазақстан Республикасына кіру үшін құжаттамалық растауды ұсыну кезінде ҚР шекарасын кесіп өткен сәтте Қазақстан Республикасында ревакцинация алған немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдарға ПТР-тест жүргізу талап етілмейді. – Бірге еріп жүретін адамдарда «жасыл» немесе «көк» мәртебе болған жағдайда оларға білім беру ұйымдарына кіруге шектеулер алынып тасталды. – Кинозалдарға тамақ және сусын алып кіруге қойылатын тыйым алынып тасталды. Қаулының толық нұсқасын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан оқуға болады.