Құтқарушылар 11 жастағы қыздың саусағынан шықпай қалған сақинаны алып берді

Құтқарушылар 11 жастағы қыздың саусағынан шықпай қалған сақинаны алып берді

Петропавлда 11 жастағы қыз әжесі сыйлаған сақинаны саусағына тағып, қайта шығара алмай қалған. Амалы таусылған соң құтқарушылардан көмек сұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 жастағы қызға әжесі күміс сақина сыйлаған.
«Кеше таңертеңгі сағат 10.00 шамасында шақырту түсті. Лезде жетіп барып, 4 минутта сақинаны шешіп алдық. Кейде алтын, күміс бұйымдарды, ер адамдардың сақиналарын кесіп, шешуге тура келеді. Алайда көбінесе, қыз-келіншектерден шақырту жиі түседі», – дейді ТЖД жедел құтқару отряды құтқару бөлімшесінің бастығы Виктор Держанский.

Бұған дейін басына кастрюль кептеліп қалған бала туралы жазған болатынбыз.