Президент бірнеше адамды қызметінен босатты

Президент бірнеше адамды қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Олжас Төлегенұлы Қизатов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Болат Тілепов жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.