Операция жасайтын мықты хирург іздеймін – Айжан Байзақова анасына ота жасатпақ

Операция жасайтын мықты хирург іздеймін – Айжан Байзақова анасына ота жасатпақ

Блогер Айжан Байзақова анасын пластикалық ота жасатуға көндіріпті. Бұл жайында блогер Instagram парақшасында жазған. Алайда ол анасының сыртқы келбеті қалай өзгеретінін айтпады.

– Пластикалық ота жасатудан тәжірибем бар, пластикалық хирургпін. Сол себепті анамды да пластикалық ота жасауға көндіремін. Ол өте әдемі, бірақ қазір ХХІ ғасыр. Неге жасамасқа? Қазір осы үшін мықты хирург іздеймін», – дейді Айжан Байзақова. Айтуынша, алғашында анасы мұндай ұсынысқа келісе қоймаған. Біраз ойланған соң ғана келісімін берген. Негізі бұған дейін Айжан ринопластика жасатқан. Сондай-ақ ол жасатқан пластикалық отаға дейін өзінің қандай болғанын көрсеткен де болатын. Блогер өзінің бұл әрекетіне мүлдем қысылмайды.