Orda FM радиосы бұдан былай Алматы қаласында да хабар таратады

Orda FM радиосы бұдан былай Алматы қаласында да хабар таратады

Orda FM радиосы бүгіннен бастап Алматы қаласында хабар таратуды бастады, – деп хабарлайды AstanaTV.

Радио тәулік бойы, аптасына 7 күн бойы ақпарат таратады, тыңдарманға әсем әуен, әуезді күймен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Басты мақсат – сапалы музыка және ең өзекті ақпараттарды жедел жеткізу. Радионың директоры Кирилл Волковтың айтуынша, Orda FM астанадан Алматыға хабар тарататын алғашқы радио болып тарихта қалмақ.
«Orda FM 9 жыл бойы елордалықтарды қуантты. Енді бүгіннен бастап, Алматы қаласында хабар таратудамыз. Алғыс айту күніне, көктемнің алғашқы күнінде бастағымыз келді. Қала қонақтары мен тұрғындарын мерекемен құттықтауды жөн көрдік. Ең қызығы, Қазақстан бойынша тұңғыш рет елордадан Алматыға хабар таратамыз. Бұрын соңды мұндай болмаған, яғни Алматыдан астанамызға таратын еді, енді керісінше», – деді.
Салтанатты шараға өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері арнайы келіп қатысты. Олар радионың мегаполистегі филиалының ашылуымен құттықтады.
Нұрлан Қоянбаев: «Адамдар жұмыс істейді, еңбек етеді. Содан соң үйге қайтып бара жатқанда радио тыңдаймын, ән тыңдаймын. Көңіл көтеру индустриясында бәріміз жұмыс істеп жатырмыз ғой. Сондықтан жүйелі түрде дамыту керек. Сол кезде өзіміздің радио, телеарнаны көретін боламыз», – деді.
  https://youtu.be/pdxbFjeUqdU