Қазақстан Азия чемпионатын нокаутпен бастады

Қазақстан Азия чемпионатын нокаутпен бастады

Амманда (Иордания) жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан 2022 жылғы Азия чемпионаты басталды, онда қазақстандық боксшылар өнер көрсетіп жатыр. Қазақстан құрамасының атынан рингке бірінші болып Бексұлтан Боранбек шықты. 1/8 финалдың 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде ол тәжікстандық Мердж Суфиджоновпен кездесті. Жекпе-жек Боранбектің жеңісімен аяқталды: ол үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді. Бұған дейін Суфиджонов нокдаунға да түскен, – деп жазады Sports.kz. Осылайша, Бексұлтан Боранбек жасөспірімдер біріншілігінің ширек финалына шықты, онда Кувейт боксшысы Джабер Алотайбимен кездеседі.