Алты күнде Украинадан 835 адам кетіп, босқындар Польшадан пана іздеп жатыр

Алты күнде Украинадан 835 адам кетіп, босқындар Польшадан пана іздеп жатыр

Соғыстан бас сауғалаған тұрғындар туған елінен үдере көшіп жатыр. Соңғы 6 күнде Украинадан 835 мың адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлім етті, – деп жазады 24.kz.

Қазір босқындар негізінен, Польшаға кетіп жатыр. «Әл-Жазира» телеарнасы украиналықтардың жартысынан астамы Польшадан пана іздейтінін мәлім болды. Польша премьер-министрі Еурокеңес басшысымен бірге шекара маңындағы Корчова елдімекеніне барып, босқындармен жүздесті. Кездесу барысында Еуроодақ өкілі атыс-шабыстан қашқан азаматтарға адамгершілік таныту еуропалықтардың борышы екенін жеткізді.

Бұған дейін Ресейге салынған санкция салдарынан Қазақстанға тиесілі жүкті кеденнен ары-бері өткізбесе, қайда хабарласуға болатынын жазған болатынбыз.