Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, барлық өңір «жасыл» аймаққа өтті

Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, барлық өңір «жасыл» аймаққа өтті

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Бүгін «қызыл» және «сары» аймақта ешқандай өңір қалған жоқ. «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Қазақстанда өткен тәулікте 253 адамнан коронавирус анықталды.