Малахов жаңа қызметке тағайындалды

Малахов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды; Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.