Ресейдің Қарулы күштері Украинада алты гуманитарлық дәліз ашты. Соның ішінде Киевтен Беларусьтің Гомель қаласына да ашты, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков, - деп жазады РИА НОВОСТИ.
"Бүгін Украинада Мәскеу уақытымен таңғы сағат 10-нан "тыныштық режимі" жарияланды және 6 гуманитарлық дәліз ашылды: біреуі Киевтен Гомельге; екеуі Мариуполден — Запорожье мен Ростов-на-Донуға; біреуі Харьковтен Белгородқа; екеуі Сумнан Белгород пен Полтаваға", — деді ол.
Бұған дейін Украина мен Ресейдің келіссөздерінің екінші кезеңінде екі тарап келісімге келгенін жазған болатынбыз.