Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде 5 ай бойы көш бастап келеді

Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде 5 ай бойы көш бастап келеді

Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жариялады. Онда жас теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 20 апта бойы көш бастап келеді. Қазір Заңғардың еншісінде 505 ұпай бар. Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай 38-орында, Даниэль Тазабеков 129-сатыда тұр. Junior Masters - Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік жас теннисшілері бақ сынайтын ірі жарыс. Онда кезінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты теннисшілер чемпион атанған.