ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель таяу 15 күнде соғысқа қатысты мәселе шешіледі деп есептейді. Бұл туралы ол TVE теларнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлады "Еуропа шындығы" Reuters-ке сілтеме жасап. Боррелдің пайымынша, Ресей үкіметі Украинадағы соғысты тоқтататын ойы жоқ, өйткені РФ армиясы әскери мақсатына жеткен жоқ.
"Қазір Ресей отырып, келіссөз өткізгісі келмейді, ол бүкіл Украина аумағын басып алғысы келеді", – деді Боррель.
"Ресей Молдовамен шекараға дейінгі жағалауды басып алып, Украинаны теңізден бөліп алғысы келеді. Ол ойлаған мақсатына жеткен кезде ғана келіссөз өткізгісі келеді", – деп қосты ол.Боррелдің айтуынша, Еуропалық одақ және оның одақтастары Украина армиясына әскери көмек беруді жалғастыра береді.
"Бұл маңызды, өйткені бәрі таяу 15 күнде шешіледі. Тарихқа украиндықтардың қарсылық таныту өнері енеді", – деді ЕО жоғары өкілі.