Зеленский қандай жағдайда үшінші дүниежүзілік соғыс басталатынын айтты
Зеленский қандай жағдайда үшінші дүниежүзілік соғыс басталатынын айтты
© Владимир Зеленский. Иллюстрация: yandex
206
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесі Владимир Путинмен арадағы келіссөз сәтсіз аяқталса, үшінші дүниежүзілік соғыс болатынын айтты. Бұл туралы ол CNN телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Айтуынша, өз басы келіссөздерге дайын.  Украина президентінің пайымынша, келіссөз өткізбейінше Мәскеу мен Киев арадағы соғысты тоқтата алмайды.

"Менің ойымша, біз кез келген форматта, кез келген мүмкіндікті пайдаланып, Путиннің өзімен келіссөз өткізіп, сөйлесуіміз керек. Егер бұл ісіміз сәтсіз аяқталса, бұл үшінші дүниежүзілік соғысты білдіреді", – деді ол.