Түркістан облысында 26 құсты рұқсатсыз атқан браконьерлер ұсталды

Түркістан облысында 26 құсты рұқсатсыз атқан браконьерлер ұсталды

Браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құс тәркіленді.

Созақ ауданында полицейлер Охотзоопром өкілдерімен бірлесе отырып, Ақжар көлінің маңайында түнгі уақытта аңшылық құрып жүрген екі ер адамды ұстады. Ордабасы және Төлеби ауданының екі тұрғыны заңсыз қаз және үйрек аулаған.   Полицейлер айғақты зат ретінде браконьерлерден екі аңшы мылтығы, үрмелі қайық, 18 қаз, сегіз үйрек етін тәркіледі. Олардың аң атуға рұқсат қағазы болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.