Головкин әлем рейтингінде көш бастады

Головкин әлем рейтингінде көш бастады

Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингіні жария етіп, онда қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеше Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші сатыда. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.