Саңырауқұлақ теруге барып, із-түзсіз жоғалып кеткен бес адам табылды

Саңырауқұлақ теруге барып, із-түзсіз жоғалып кеткен бес адам табылды

Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге барған бес адам адасып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Талас ауданы Ойық ауылы маңайында 60 шақырым жерде саңырауқұлақ теруге шығып, хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды. Үш жігіт үйінен күндізгі сағат 11-лер шамасында шығып кеткен. Құтқарушылар 1978, 1991 және 1995 жылы туған үш азаматты түнгі сағат 23.20-да тапты. Дәл осындай жағдай дәл сол күні Мойынқұм ауданында да болған. Қылышбай ауылынан 50 шақырым жерде ТЖД қызметкерлері түнгі 01.35-те 1985 жылы туған 2 азаматты іздеп тапты. Жоғалып табылған екеуі де 11 сәуір күндізгі сағат 11-лер шамасында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен.