Әр адам лайықты өмір сүріп, болашаққа сенімді болуы керек
Әр адам лайықты өмір сүріп, болашаққа сенімді болуы керек
112
оқылды
ҚХП атынан Бурабай аудандық мәслихатына кандидат Іңкәр Смаилова Бурабай курорттық сигнализация және байланыс дистанциясының ұжымымен кездесу өткізді. Әңгіме барысында ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасы, мақсат-міндеті түсіндірілді.
– Біз азаматтарымыздың әлеуметтік бағдарланған мемлекеттегідей қорғалуына ұмтыламыз. Экономика тек капиталистердің мүддесіне бағытталмауы керек. Әр адам лайықты өмір сүріп, болашаққа сенімді болуы керек. Біз әрбір қазақстандықтың баспанасы, жұмысы, білімі болғанын және тегін медициналық қызметтерді алғанын қалаймыз. Біз лайықты қарттықты қолдап, зейнет жасын қысқартамыз, – деді Іңкәр Смаилова.
Кездесуде сайлаушылар тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Мысалы, "Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды саңырауқұлақтар мен жидектер теру маусымында су қоймаларына және орманға, сол секілді неге балық аулауға жібермейді?" деген сұрақ туындады. Көл аумағы мен орман алқабы қоршалған. Одан кейінгі сұрақтар Еңбек кодексіне қатысты болды. Кодекс тек жұмыс берушінің ғана емес, сонымен бірге жұмысшының да мүддесін қарастыруы керек. Іңкәр Смаилова қойылған сұрақтарға жауап беріп, назарға алатынын айтты.