Қазақстан Сберден бас тартуы мүмкін бе?

Қазақстан Сберден бас тартуы мүмкін бе?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, СБЕР-мен электронды платформаны іске асыруға қатысты нақты келісім жоқ.

«Бүгінде СБЕР тобымен платформаны жүзеге асыру бойынша ешқандай заңды келісім жоқ. Министрлік қарастырып отырған басым шешімдердің бірі – мұндай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар сарапшыларды тарта отырып, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұлттық операторы, отандық ІТ-компаниялар ресурстары негізінде цифрландыру үшін платформа құру» делінген министрліктің хабарламасында.
Бұған дейін Egov «Сберге» берілмейтінін хабарлаған болатынбыз.