Мәсімовке іздеу жарияланды

Мәсімовке іздеу жарияланды

Павлодар облысы Полиция департаментінің  бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. «Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-басшысы, полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады» делінген ресми хабарламада. Нұрлан Мәсімов – бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Бұған дейін Кәрім Мәсімовке заңға сай медициналық көмек көрсетіліп жатқанын жазған болатынбыз.