Кәрім Мәсімовке заңға сай медициналық көмек көрсетіліп жатыр – ҰҚК
Кәрім Мәсімовке заңға сай медициналық көмек көрсетіліп жатыр – ҰҚК
©www.dw.com
285
оқылды
Жақында әлеуметтік желілерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлап, қамаудан босатылуы мүмкін деген ақпарат кеңінен тараған болатын. Бұл жайында ҰҚК экс-басшысының ресми сайтында хабарланды. Олардың мәліметінше, соңғы жағдайларға байланысты Кәрім Мәсімовтің халі нашарлап, сырқаты асқынып кеткен. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қамаудағы Мәсімовке заңға сай медициналық көмек көрсетілуде. «ҰҚК-нің тергеу изоляторында қамауда жатқан Кәрім Мәсімовке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес материалдық және медициналық-санитарлық қызмет көрсетілуде. Одан қамауда ұстау жағдайына, іштегі медициналық көмекке көңілі толмауына қатысты шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады ҰҚК РИА Новости басылымына.