Головкин чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші орта салмақта жұдырықтасатын болса орта дивизиондағы IBF титулынан айырылады, деп хабарлайды Vesti.kz. Менеджер әрі комментатор Бен Дэймон өзінің Twitter желісінде оқиға қалай өрбитінін суреттеп берді.

"Канеломен" жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады. Ал бос қалған титул үшін 1 (Фалькао) мен 2 (Зерафа) айқасады", - деп жазыпты Дэймон.