Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Президент сарайында салтанатты түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Ақорда. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын құрамда келіссөзі басталды.