Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, – деп хабарлады  Нұр-Сұлтан қалалық соты. 

"Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г.Сатыбалдыға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын тағы бір айға ұзартты ", – делінген хабарламада.
Гүльмира Сатыбалды 16 наурызда бизнесті рейдерлік басып алу күдігімен ұсталды. Сонымен қатар ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісімен тергеліп жатыр.