Көшеде көкпар тартқандар 10 тәулікке қамауға алынды

Көшеде көкпар тартқандар 10 тәулікке қамауға алынды

Алматы облысы Қаскелең қаласында көшеде көкпар тартып, көлікті бүлдіргендер 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Көкпар тартқан 6 адамды полиция ұстады. Олар 10 тәулікке қамауға алынды» делінген ресми хабарламада.
Кінәлілерді ұсақ бұзақылық және көшедегі көлікке кедергі келтіргені үшін жауапқа тартты.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Бұған дейін полиция Қаскелеңде көшеде көкпар тартқандарды іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.