Қатон-Қарағай ауылының оқушылары Алматыда бас жүлдені жеңіп алды

Қатон-Қарағай ауылының оқушылары Алматыда бас жүлдені жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облысындағы Қатон-Қарағай ауылының оқушылары Алматы қаласында өткен Халықаралық шығармашылық халық ансамбльдерінің байқауында бас жүлде жеңіп алды. Қатон-Қарағай ауылындағы С.Ластаев атындағы мектепте бірнеше жыл бұрын музыкалық аспаптар да болмаған, ал оқушылары ешқашан нота оқымаған болатын. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының қолдауымен музыкалық сыныпты жабдықтауға және 2020 жылы «Мұрагер» ұлттық аспаптар оркестрін құруға мумкіндік туды. Дәл осы оркестрдің құрамына мектептің 30 оқушысы кірді. Оқушылар Petrof рояльінде және жетіген, сазсырнай, домбыра, сыбызғы, шаңқобыз, асатаяқ секілді ұлттық аспаптарда ойнайды. Балаларды аспаптарда ойнауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, этномузыкант және композитор Еділ Құсайынов үйретті. 2022 жылдың 18 мамырында құрамында оркестр жетекшісі Омар Нұрдана мен 3-ші және 9-шы сынып аралығындағы 20 оқушысы бар «Мұрагер» ұлттық аспаптар оркестрі Алматы қаласында өткен «Жарық жұлдыз» байқауында бас жүлдеге ие болды. Ал 3 сынып оқушысы Рафхатқызы Аяна Жетіген ойыны бойынша І орын алды. https://youtu.be/VwFDwpOSvFk