Тоқаев әкімдерге ескерту жасады

Тоқаев әкімдерге ескерту жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде әкімдерге бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

«Осында қатысып отырған әкімдер, барлық ескертулерді түртіп алыңыздар. Мұнда бизнес-қоғамдастықтың аз ғана бөлігі отыр. Олардың басым бөлігі өңірлерде, сондықтан шұғыл шешімді қажет ететін қазіргі міндеттер бойынша бірге жұмыс істейік. Әкімдердің жұмысы айтарлықтай дәрежеде бизнестің тартымдылық параметрлері бойынша бағаланатын болады", – деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.
Бұған дейін Президент елімізде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керектігін айтқан болатын.