Белгілі журналист жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист жаңа қызметке тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып журналист Нұрбек Амиша тағайындалды.  Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook  парақшасында жазды. «Командамыз жаңа маманмен толықты. Бүгіннен бастап  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз хатшысы болып белгілі журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрбек Амиша тағайындалды. Нұрбектің жұмысына сәттілік тілеп, БАҚ және жалпы жұртшылықпен байланыста министрлікке тың серпін береді деп сенеміз», – деп жазды министр.