Нұрлан Қоянбаев Абу-Даби плазаның ең биік мұнарасына шықты

Нұрлан Қоянбаев Абу-Даби плазаның ең биік мұнарасына шықты

Белгілі продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін ерекше атап өтуге тырысты. Ол Қазақстанның Туын ұстап Абу-Даби плаза кешеніндегі Qazaqstan мұнарасының төбесіне көтерілді. Продюсер бейнероликті  Instagram парақшасында жариялады. "Көк Ту қолдан түспесін, бірлігіміз кетпесін!" – деп жазды ол. Бүгін, 4 маусым – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні. Qazaqstan мұнарасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болып саналады.