Нұрлан Әбдіров референдумда Конституциялық түзетулерге қанша адам қарсы дауыс бергенін айтты

Нұрлан Әбдіров референдумда Конституциялық түзетулерге қанша адам қарсы дауыс бергенін айтты

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адам болды. Дауыс беруге қатысқандар  саны –  7 986 293 адам, яғни 68,06 пайызы қатысты. Референдумда қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – барлық өңірде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызы, яғни 6 163 863 адам. Бұл – 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көрсеткіш. Осылайша, өңірлердің кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адам болды. Жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58% немесе 206  096 бюллетень болды. Республикалық референдумның қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгілі болады.