Түркістандағы музей маңынан өрт шықты

Түркістандағы музей маңынан өрт шықты

Бүгін түскі сағат 12-ге таяу Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің маңындағы дәмханадан өрт шықты. Ресми өкілдің хабарлауынша, тілсіз жау «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің қорғау аймағының сыртындағы екіқабатты «Жеті тандыр» дәмханасының 2-қабатын шарпыған. Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін 6 минуттың ішінде оқиға орнына жетіп, тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ, ал келген шығын мен өртту шығу себебі анықталып жатыр. Түркістан қаласы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дәмхананың кесенеге және «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне еш қатысы жоқ.