Оралда құрылыс нысанынан ер адамның мәйіті табылды

Оралда құрылыс нысанынан ер адамның мәйіті табылды

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мәйіті табылды. Оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болды. «Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс аумағынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді департамент өкілі.