Сапарбаев жаңа қызметі туралы айтты

Сапарбаев жаңа қызметі туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, ­­­– деп жазады «Спутник Қазақстан». «Оны шешетін Мемлекет басшысы. Президент осындай шешім қабылдағаннан кейін, мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде Премьер-министрдің орынбасары болсам, қазір әкім болып, Жамбыл облысындағы оқиғалардың салдарын тезірек жою үшін жұмыс істейміз», – деді Бердібек Сапарбаев. Айта кетейік, кеше Президенттің Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.