Елорда кубогы: бүгін финал сағат нешеде басталады?

Елорда кубогы: бүгін финал сағат нешеде басталады?

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Елорда кубогы үшін жекпе-жек өтіп жатыр. 23 қазақстандық боксшы финалға өтті. Халықаралық жарыс бүгін аяқталады. Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ерлер арасында Қазақстанның 54 боксшысы сынға түсіп, 16-сы финалға жолдама алды. Финалистер арасында Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан да бар. Енді олар Қытай, Куба, Өзбекстан боксшыларымен күш сынасады.   [caption id="attachment_204175" align="alignnone" > Фото: kfb.kz[/caption] Ал әйелдер боксында 45-тің жетеуі бас жүлде үшін бақ сынайды. Бапкерлер Марина Вольнова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимоваға үміт артып отыр. Финал бүгін сағат 14.00-де басталады.