Қазақстанда 6 айда жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты

Қазақстанда 6 айда жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 2 мыңнан астам адам жол апатынан көз жұмады. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, кейінгі жылдары жол апаты көбейген. «Соңғы 5 жылда күре жолдың бойында жыл сайын 2 мыңнан астам адам мерт болады. 20 мыңнан астам адам жарақат алады. Биыл 6 айда Қазақстанда 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 947 адам қаза тапты. 8 110 адам жарақат алды», – деді Ақтоты Боранова. Іnform.kz-тің жазуынша, жол апатының 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Себебі жылдамдықты шегінен асырып, арақашықтықты сақтамау жиі кездеседі.