"Ласковый май" тобының бұрынғы продюсері 58 жастағы Андрей Разин тосын мәлімдеме жасады. Ол өз микроблогында әйгілі топтың экс-солисі Юрий Шатуновтың өліміне кімді кінәлі деп есептейтінін мәлімдеді. vokrug.tv жазуынша, Разиннің пікірінше, бұл әртістің пайдасына шешім шығарған судья Светлана Лунева. Разин мен Шатунов 80-жылдардың соңы және 1992 жылға дейін жұмыс істеген топтың хиттері кімге тиесілі екеніне дауласқан. 16 маусымда Юрийдің сотта жеңіске жеткені белгілі болды. Әнші жеңісін тойлап, соңғы концертінде әділдік орнағанын айтқан. Продюсер Луневаны үкімімен әншіні алдап, өлімге жеткізді деп айыптады.
«Меніңше, бұл шешім Юраны күшті эмоцияға бөлеп, үлкен әрі қиын гастролдік сапарға итермеледі. Соңы оның қазасына себеп болды», — деп жазды Разин.Бұған дейін әйгілі әнші Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланғанын жазған болатынбыз.