Тележүргізуші Ксения Собчак теннисші Елена Рыбакинаның жеңісі туралы пікірін айтты

Тележүргізуші Ксения Собчак теннисші Елена Рыбакинаның жеңісі туралы пікірін айтты

Уимблдон турнирінде топ жарған теннисші Елена Рыбакинаның жеңісі туралы ресейлік журналист Ксения Собчак пікір білдірді. Пікірін өзінің Telegram арнасында жариялады.

«Елена Рыбакина Мәскеуде туып-өскен. Ресейде бақ жұлдызы жанбаған соң Қазақстан азаматтығын алды. Өз елінде ұлттық құрамаға алынбаған спортшының мансап үшін азаматтығын ауыстыруына мүмкіндік бар. Елена Рыбакина Қазақстан азаматы болғандықтан, санкция салынған елдерден сытылып шығып, Уимблдон турниріне қатысты. «Үлкен дулыға» додасында чемпион атанды. Оның жеңісі Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өз-өзімізді алдаусыратпайық. Ресейде оның жолы болмады. Қазақстан Еленаға чемпион болуға мүмкіндік берді», – деді Ксения Собчак.
Бұған дейін Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны туралы жазған болатынбыз.