Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Бүгін астанада сағат 14.45-те Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінің қиылысында автобус өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өрт сөндірушілер маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанғанын анықтады. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 5 маманы 1 техникамен сөндірді.