Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус аударылды
Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус аударылды
Фото: sputnik.kz
216
оқылды
Павлодар облысында вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты «Павлодар-Нұр-Сұлтан» тас жолының 139-шақырымында, Байет ауылы маңында болған. Апат салдарынан 16 адам зардап шекті. Ал 103 жедел желісіне жол апаты туралы хабарлама 26 шілдеде сағат 12.38-де түскен.
«Куәгерлердің айтуынша, автобус Екібастұздан 25 шақырым жерде аударылған. Апат орнына 5 жедел жәрдем бригадасы барды. Қоңырау түскеннен кейін 14 минут өткенде дәрігерлер оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті», – деді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері.
Екібастұз қалалық ауруханасына 16 адам жеткізілді. 19 бен 53 жас аралығындағы ер адамдар миы шайқалып, жарақат алған. Апат себебін полицейлер анықтап жатыр. Полицияның мәліметінше, 40 жастағы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, шұңқырға аударылған.