Тұрсынғалиев шаршы алаңға шығады

Тұрсынғалиев шаршы алаңға шығады

Кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) жыл соңына дейін екі кездесу ­өткізеді. Боксшының жекпе-жектері 27 тамыз және 26 қарашада АҚШ жерінде өтеді. Қарсыластары алдағы уақытта анықталады. Ол соңғы кездесуін 2019 жылдың шілдесінде өткізген еді. 2017 жылы кәсіпқой бокстағы карьерасын бастаған ол 19 күннің ішінде Мексика жерінде алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Мұса Тұрсынғалиев шаршы алаңға 2020 жылы оралуды жоспарлаған болатын. Ол уақыттағы кездесуі пандемияға байланысты өтпей қалды.  

Асыл ТҰМАР