Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақтағы әлем чемпиондарының өзімен неге жұдырықтасуды қаламайтынын түсіндірді, – деп жазды боксшы Твиттердегі парақшасында.

«Барлығы чемпиондар менімен жұдырықтасып ақша таба алмайды дейді. Бұл – қате. Ақшадан ғана емес, денсаулығынан, есімінен, тіпті өмірінен де айырылады! Мен оларды түсінемін! Олар ақшаны ойламайды, тек өмір сүргісі келеді! Жақында... және жаңасы!», – деп жазды
Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы. WBO белдігінің толыққанды иегері – Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).