Павлодарда аурухана қызметкерінің әмиянын ұрлаған ер адам ұсталды

Павлодарда аурухана қызметкерінің әмиянын ұрлаған ер адам ұсталды

Павлодар облысында ауруханада әмиян ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, ұрыны бейнебақылау камерасының көмегімен анықтаған. Ол Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті ауруханада ем алған. Құлыпталмаған есікті байқап, дәрігерлердің бөлмесіне кірген. Сөмкеден банк картасы, құжат, қолма-қол ақшасы бар әмиянды жымқырған. Ауруханадан шыққаннан кейін ол ұрланған картаны пайдаланып, дүкеннен темекі мен тамақ сатып алған. ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.